Педагог кадрлар көрігі
Бүгінде солтүстік өңірдегі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орны, мақсат пен міндеті, бет-бейнесі бар, уақыт талабына сай бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлайтын оқу орны деп айтуға болады. Міне, осы жоғары оқу орнына 75 жыл толып отыр.
Қарап отырсаңыз, қай заман, қаншама білім рефор-масы болмасын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Әлем-дік білім кеңістігіне ене отырып мектептерімізге жан-жақ-ты білімді, креативті, бәсекеге қабілетті де білікті кадр-ларды даярлап отырған институт – уақыт үдесінен шығып отыр.
Уақыт – өзен. Өткенге көз жүгіртсеңіз, пединститут со-нау 1939 жылы педучилище негізінде мұғалімдер инсти-туты болып құрылды. Оның алғашқы директоры Д.Ыбы-раев болды. Содан бері қаншама жыл өтті. Қазіргі таңда география ғылымының докторы, профессор Қ.Баймыр-заев басқарып отырған пединститут замана көшінен қал-май Болония университеттер ұлы хартиясына қол қойып, білім беру саласында басты бағытын айқындап алды. Институтта жеті факультет, он үш кафедра, екі оқу-тәрбие орталығы, бес ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Саналы да сапалы білікті мамандарды даярлауда профессорлық-оқытушылар құрамының үлесі орасан зор. Мәселен, соңғы үш жылда күндізгі оқу бөлімінде оқыған 6809 түлек диплом алса, олардың ішінде мемлекеттік грант бойынша білім алған студенттердің саны – 4158.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мерейлі 75 жылдығына арналған салтанатқа облыс әкімі Н.Садуақасов қатысты. Ең алдымен облыс басшысы институттың жетістігіне арналған білім көрмесін аралап көрді.
Салтанатты кеш аясында аймақ басшысы институтты 75 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, осы жоғары оқу орнының респу-бликамыздағы білім жүйесінде педагогтар кадрларын даярлауда өзіндік қолтаңбасы бар екенін, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастардың бірлесе шығармашылықпен жұмыс істеп отырып, осы жетістіктерге жеткендігін атап өтті.
Салтанат барысында институттың осындай дәрежеге жетуіне өз үлестерін қосқан ҚМПИ-дың бір топ қызметкерлері, ардагер оқыту-шылары ҚР Білім министрлігінің, облыс әкімінің грамоталары мен мерейтой төс белгілерімен марапатталды. Осы мерейтойда облыс әкімі Н.Садуақасовқа "ҚМПИ-дың құрметті профессоры" атағы берілді.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.