Қосымша сайлау әділ өтті
Қостанай облысындағы мәслихат депутаттарының сайлауы талапқа сай әділ өтті және құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Саяси шараның қорытындысында облыстық мәслихатқа бір депутат, қалалық және аудандық мәслихатқа бес депутат сайланды. Бұл туралы дүйсенбі күні облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

– "Нұр Отан" партиясы ҚОФ аталған сайлау округтері бойынша өз кандидаттарын ұсынды. Бұл сайлауға басқа саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қатыспады. Саяси шараның қорытындысында Қостанай облыстық мәслихатына 1 депутат, ал аудандық-қалалық мәслихатқа 5 депутат сайланды. Депутаттардың орташа жасы 43, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова.
Қымбат
ДОСЖАНОВА