150 мыңыншы автокөлік

Қостанайдағы "СарыаркаАвтоПром" автомобиль зауытының конвейерінен 150 мыңыншы автомобиль шықты. Бұл туралы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл – қазіргі кезде құны мен сапасы сай келіп, орта табысты тұтынушылар арасында сұранысқа ие болған Chevrolet Nexia. Биыл тоғыз ай ішінде осы үлгідегі 9 мыңнан астам автомобиль сатылған.
Жалпы, осы тоғыз айда зауыттан барлығы 38 мыңнан астам автомобиль шығарылыпты. Алдағы меже – бір жылда 60 мың көлікке дейін құрастырып шығару. Оған сұраныс та, мүмкіндік те бар. Қостанай зауытында бүгінде JAC, Chevrolet, Kia, Renault, Lada, SAZ тәрізді әлемде брендке айналған көлік түрлері құрастырылады.
Олар биыл тек ел ішінде саудаланып қоймай, 5 мыңнан астамы РФ, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Беларусияға экспортталған.
Қазіргі таңда кәсіпорында 2 мыңға жуық адам еңбек етіп жатыр. Олардың дені – ауылдық жерден келген жастар. Жаңа кәсіпті игерген жаңа лек қалыптасып келеді. Оларға SAPUniversity оқу орнында біліктілік арттыруға мүмкіндік бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓