Бидай бағасы белгілі

    Биылғы егін орағы басталғалы бері  елімізде  5 млн тоннадан астам астық жиналды. Бұл өткен жылдың осы уақыттағы көрсеткішінен анағұрлым көп. Гектар берекелілігі  13,5 центнерден айналды. Ал облыс бойынша барлығы 2 млн 11663 мың гектар алқаптың егіні орылып, бастырылды. Әр гектардан орташа есеппен 10,7 центнерден өнім жиналуда.  IMG_0204     -Бүгінгі таңда егін алқабының 50,5 %-і жиналды. Егер күн райы қалыпты жағдайын сақтаса жиын-терім  20-шы қыркүйекке дейін толық аяқталуы тиіс, – дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы Сәлімжан Есенаманов.
       Әзірге, егін ору жұмыстары Жанкелдин ауданында – 75 %, Аманкелдіде -72 %, Арқалықта – 56 %,, Таран ауданында -60 %, Әулиекөлде – 66% , Қостанай ауданында -55 %,   Ұзынкөлде -51 % орындалған.  Жалпы алғанда облыс бойынша барлығы 2 млн 267,6 мың тонна дән қызылданып, қамбаға құйылды.
        1 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астықты сатып алу құнын жариялады. Бір тонна өнімнің бағасы қосымша құн салығын қоса есептегенде 42 мың теңгеден бастап, 60 мың теңгеге дейін бағаланып отыр. Бидай бағамы оның сапасы мен жеткізу орнына байланысты белгіленген.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓