Тасадағы тағдырлар

kk 3_0Мүгедектік ешкімнің сұрап алғаны емес. Ол тағдырдың жазуы. Пенденің басына түскен ауыр сынақ. Ондай сынаққа ересектер төзе алар. Төзуге тиіс те. Ал балалар ше?   Тіршіліктің тауқыметіне тап болған балақайлар қалай ғұмыр кешуде?
Қостанай облысында 22 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Соның 2 мыңы мүгедек бала. Осынша тағдыр таса-да қалмауы үшін "Нұр Отан" партиясы ҚОФ "Кедергісіз келешек" жобасы аясында инклюзивті білім беруге арналған мектептер мен түрлі ғимараттардың әлеуметтік инфрақұрылымына қоғамдық-партиялық мониторингті бас-тап кетті. Бұл іс шара мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Партия белсенділері мемлекеттік қызметшілер мен ҮЕҰ-дың өкілдерімен бірлесе қаладағы № 5 "А" мектептегі жағдаймен танысты. Аталмыш білім ошағында 763 оқушы бар. Соның алтауы мүгедек екен.
– Мектептегі мүгедек балалар жалпы білім беретін сыныптарда жеке бағдарлама бойынша оқиды. Олар қоғамдық іс шараларға, шығармашылық байқауларға белсенді түрде қатысады. Қатарластары арасында көп-шілікке үлгі болып жүрген мүгедек балалар да бар. Бұл бағытта біздің ұжымның жинаған тәжірибесі жеткілікті, – деді № 5 "А" мектеп директорының орынбасары Ольга Климешина.
Аталмыш мектепте мүгедек балалардың білім алу мәселесі жолға қойылған. Осы мақсатта арнайы медициналық-педагогикалық консилуим құрылыпты. Педагогтар балалардың өзіндік ерекшеліктері мен дамуын жыл сайын бақылап отырады.
– Қостанай қаласындағы сегіз мектепте 32 арнайы сынып жұмыс істейді. Онда 295 оқушы бар. Баланың жеке бағдарлама бойынша жалпы білім беретін сыныпта немесе арнайы сыныпта оқитынын ата-аналар өздері таңдайды.  Жалпы білім беретін мектептердің базасында 26 логопедтік пункт және бөбекжай бақшасында екі пунк бар. Биылғы оқу жылының басында 29 білім беру мекемесінде мүгедектерге қолжетімді жағдай жасалды, – деді партияның сайлау алды платформасының "Білім және ғылым" бағыты бойынша жергілікті кураторы Қадырғали Жаманбалин.
"Нұр Отан" партиясы ҚОФ-ның сайлау алды платформасының бақылау және жүзеге асыру жөніндегі бөлімнің кеңесшісі Татьяна Антонинованың айтуы бойынша, қала мектептерін тексерумен мәселе түбегейлі шешілмейді. Мүгедек балалардың білім алуына тиісті жағдай жасау үшін қаладағы және аудандардағы әлеуметтік нысандарда мониторинг жүргізу керек. Облыстағы мұндай мониторинг қараша айының соңына дейін аяқталуы тиіс.
Қымбат
       ДОСЖАНОВА
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓