Ұрпақ дені сау болсын десек …
Облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында ата-аналар арасында спорт түрлері – үстел теннисінен, волейболдан, шахматтан жарыс өтті.
– Біздің мақсатымыз өңірімізде қабылданған "Мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынас жылы" атты тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақ пен бірлікті және жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану, дамыту, рухани-адамгершілік қа-сиеттерін қалыптастыру, отбасы мен өз мектебіне деген сүйіспеншілігін күшейту, патриоттық сезімдерін бекіту, – деді бізге лицей директоры Ержан Мырзабаев.
Спорт жарысына лицейдің 7-11 сыныптары оқушыларының жүзден астам ата-анасы қатысты. Олар өздерінің спортқа деген бейімділігін, біліктілігін, икемділігін көрсетті. Жарыстар қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс болған соң жеңіс те, марапат та болары сөзсіз. Атап айтқанда, спорт жарысының қорытындысы бойынша үстел теннисінен бірінші орынды М.Сатаев (8"В" сыныбы), екінші орынды В.Лукина (7"Д" сыныбы), үшінші орынды Д.Тобылбаев (10"А" сыныбы) иеленді. Ал, шахматтан болса И. Тэн (10"А" сыныбы), М.Сатаев (8"В"), А.Қожағалиев (7"В") үздіктер саналды. Волейболдан жүлдені 7"Д", 8"В" және 10"А" сынып оқушыларының ата-аналары өзара бөлісті. Барлық спорт түрлері бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. табыс етілді.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте: ойыннан көріністер.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.