Жеңілдетілген несие: жоба жалғасады

Қазақстанда жаңа көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.Бағдарлама қоғамдық көлікті, соның ішінде автобус паркін жаңарту мүмкіндігін де қарастырады.
Бұл туралы «Хабар» арнасындағы «Большая неделя» бағдарламасында индустрия және инновациялық даму министрі Марат Қарабаев айтты.
«Оператор РОП» қызметі тоқтатылып, «Жасыл Даму» АҚ-на берілгеннен кейін үкімет қаржыны жеңілдетілген автонесилеу бағдарламасын жандандыруға бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатыр», деді ол.
Оның сөзінше, көлікті алғашқы жарнасыз 4 процентпен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.
Сонымен қатар, Қарабаевтың айтуынша, отандық көлікті жеңілдікпен сатып алу үшін ваучерлер беру бағдарламасы да жасалуы мүмкін.
Жеңілдетілген бағдарламаның шарттары жуықта өтетін сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысатын кеңесте талқыланады.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке автомобильдерден кәдеге жарату алымын өндіріп алу бойынша ӨКМ операторының мөлшерлемелерін қайта қарауды тапсырған болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓