Жарқыра, жаңа жыл шыршасы!
Қостанайдың орталық алаңында жаңа жылдық бас шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды. Қала тұрғындары да мерекелік іс-шараға көптеп жиналды. Сондай-ақ, салтанатты жиынға Қостанай қаласының ұжымдары мен оқу мекемелерінің өкілдері қатысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.



Облыс әкімі құттықтау сөзінен кейін бас шыршаның шамын жақты. Жылдағы дәстүрге сай, бас шырша жанында мерекелік қойылым қойылды. Аяз ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлері қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Шараға жиналған жұртшылық мерекелік бағдарламадан бөлек отшашуды тамашалады. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Әсел Қибаш
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков