Жоба жемісті болуы үшін…

Қостанай облысында өңірдің бизнес-секторлары кәсіпкерлерінің қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы" жобасының тәжірибелік механизмін жүзеге асыру мәселесі жөнінде кездесу өтті.
Жиынға Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмағамбетов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Серікжан Мырзалы төрағалық етті. Конференция жұмысына ірі, шағын және орта бизнес субъектілерімен қатар,  бақылау-қадағалау органдарының өкілдері, қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мүшелері және мәслихаттар депутаттары қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саласында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз етудегі өзекті заңнамалық жаңалықтар талқыланды. 
Серікжан Мырзалы бизнес-сектор өкілдерінің рөлі ерекше екенін атай отырып, тұжырымдамаға қатысушылар назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі барлық азаматтық қоғамның қатысуының маңыздылығына аударды. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара тығыз қарым-қатынасы алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды тиімді жоюға мүмкіндік береді.
Жергілікті кәсіпкерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында бірқатар негізгі бағыттар қамтылғанын, олардың ең маңыздысы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар екенін атап өтті.
Өңір кәсіпкерлері тұжырымдама жобасына бірнеше ұсыныс жолдады, оның ішінде мемлекеттік органдардың ірі бизнеспен де, шағын және орта бизнеспен де өзара іс-әрекеттері кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету тұрғысында ұсыныстар енгізді.
Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізген еді. Президент өз сөзінде елдегі қалыптасқан жағдайды талқылап, билік пен бизнестің өзара әрекеті ел игілігі жолына жоспарлануы қажет екенін атап өтті, сондай-ақ кәсіпкерлер қоғамдастығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасын алдағы 5 жылға жан-жақты талқылауды тапсырған болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓