Батыр атындағы аудитория

Бүгін, 19 қаңтарда жас полицей Дархан Базарбаевтың қаза тапқанына екі жыл толды. Осыған байланысты ІІМ Қостанай академиясында батыр сақшы атындағы аудитория ашылды. 
Қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған қсотанайлық қаһарман полицейді еске алуға арналған іс-шара минуттық үнсіздікпен басталды.
Дарханның әкесі Серік Қалиевтің айтуынша, ұлы тәртіп сақшысы болуды армандап өскен. Әскери борышын өтеп келгеннен соң, 2016 жылы Дархан кезекші болып қызмет ете бастаған, кейін Қостанай қалалық ІІБ патрульдік полициясы болып жұмыс істеген. Өз қызметін ерекше жақсы көрді. Адамдарға көмектесуді борышы санаған азаматтың бірі болды. Ашық-шарқын, ақ пейілді жігітті әріптестері әлі күнге жылы лебізбен еске алады. Айта кетейік, Дархан жараланғанына қарамастан, қарулы қылмыскерді ұстап, залалсыздандырған еді. Өкінішке қарай, жарақаты ауыр болып, көз жұмған еді… 
"Бүгін ұлымыздың бақилық болғанына екі жыл толды, – дейді Серік Қалиев. – Оның есімі Қазақстан полициясының тарихына енді. Баламның атындағы аудитория ашып отырған Қостанай академиясына зор алғысымды айтамын".Қостанай академиясының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов полиция тәуекелге толы мамандық екенін атап өтті.  Оның айтуынша, Д.Базарбаев атындағы аудиторияда курсанттар және әкімшілік-құқықтық мамандық бойынша алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушылары дәріс алады. Аудитория соңғы талаптарға сай келеді, мұнда Базарбаевтың суреті бар стендтер ілінген. Оларда батыр сақшының өмірі баяндалған, сондай-ақ қажетті әдебиеттер мен көмекші деректердер бар.
Дархан Базарбаевты қазасынан кейін ҚР Президенті ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттаған еді. 2020 жылдың желтоқсан айында батырдың есімі "Жастардың алтын кітабына" "Жас батырлар" номинациясы бойынша енгізілді. Оның ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓