Жобалар талқыланды
Қостанай облысының әкімдігінде қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өтті. Кеңес барысында «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 40 мыңға жуық адам тұратын 32 ауылдық елді мекенде жаңа 70 жобаны іске асыру және 2021 жылы басталған 5 жобаны аяқтауға 7,5 млрд.теңге бөлінді. Осы жылы ауылдарды сумен жабдықтау, жаңа мәдениет үйінің құрылысы, әлеуметтік саланың 11 нысанына күрделі жөндеу жүргізу, осы жылға ұласқан 5 нысанның күрделі жөндеу жұмысын аяқтау, сондай-ақ 24 ауылда ұзындығы 63 шақырымнан асатын 56 кентішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Бұдан әрі ауылдық сумен жабдықтау және 2025 жылға дейін халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне жүз пайыз қол жеткізуін қамтамасыз ету жоспарлары туралы мәселе қаралды. Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі.
Мәселен, 2022 жылы ауылдық сумен жабдықтауға 12 353,5 млн.теңге бөлінді, ағымдағы жылға ауылды сумен жабдықтаудың 29 жобасын іске асыру жоспарланған, оның ішінде 14 – і жаңа, 15 – і өтпелі.

2022 жылдың қорытындылары бойынша қолдау көрсетілген өтпелі және жаңа жобаларды ескере отырып, сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік ауылдар бойынша – 59% – дан 76% – ға дейін, ауыл халқы бойынша 74,9% – дан 87,2% – ға дейін ұлғаяды.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 104 ауылда тасымалданатын суды тарату пункттерін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы тасымалданатын суды тарату пункттерін орнату бойынша жұмыстар жалғасады.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдеріне жобалардың іске асырылуы мен жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты түрде бақылау жүргізуді тапсырды.