Бизнесмен: “Шығынға баттық”
Былтыр Қостанай облысында автогаз бағасы екі рет өсіп, 65-тен 130 теңгеге дейін қымбаттаған болатын. Осы жылдың басында Қазақстан Үкіметі құнды мемлекеттік реттеуді қайта қолға алды. Нәтижесінде, бүгінгі таңда өңірде газ бағасы 70 теңге тұрады.
Жанармай құю бекеттері өкілдері қазір сатып жатқан өнімдерін өткен жылдың жетоқсанында басқа бағаға сатып алғанын айтады. Қазір автогаз өзіндік құнынан арзанға сатылып жатыр. "Сұйытылған газ базасы" ЖШС директоры Махаббат Жотаевтың айтуынша, шығынға бату туралы шағымдануға ерте, өйткені газдың жаңа партиясының сатып алу бағасын қайта есептеу түрінде компенсация алудан үміт бар. Бірақ оның кәсіпорыны осы қаңтар айында 50 млн теңгеге жуық қаржы жоғалтады. Фирма әлі газдың жаңа көлеміне тапсырыс бермеген. Бұған дейін сұйытылған газ саудасы электронды биржа арқылы жүріп еді. Алайда елдегі соңғы оқиғалардан кейін сауданың бұл түрі тоқтатылды. Одан ары қалай жұмыс істейтіні наурыз айында белгілі болмақ.
"Сауда-саттық толығымен алынып тасталды. Біз өзімізді шығынға батыру үшін жұмыс істемейміз. Тағы бір түсініксіз тұсы, прокуратура, антимонополиялық ведомство қымбатшылыққа қатысты тексеру жүргізіп жатыр ма, жоқ па? Барлық негізгі масса мен маржа сатумен айналысатын зауыттарға түсіп отыр", – дейді М.Жотаев.
Ал ЖҚС-ларға өнімдерді әдеттегіден ертерек сатып алуға тура келетін сияқты, өйткені газ құны төмендегеннен кейін Қостанай облысында оған деген сұраныс қайтадан артқан. Таксишілер мен жүк тасымалдайтын көліктер бактерін аузы-мұрнынан шығарып құйып әкетуде. Газдың қазіргі бағасы 6 айға дейін өзгермейтін болып белгіленгенін де айта кету керек.
"Алау" сайтынан