Мерейтойдағы аукцион
Әулиекөл ауданындағы "Диев "агрофирмасы" өзінің жетпіс жылдығын атап өтті.
Айтулы шара барысында, асыл тұқымды мал сатудан халықаралық аукцион ұйымдастырылды. Облыс әкімі Нұралы Садуақасов пен ҚР ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен өткен саудада 210 қашар, 40 бұқаның жаңа иелерін тапқанын айта кеткен жөн. Асыл тұқымды мал Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Тобыл өңіріне сатылды.