Музей қоры толықты

Ұлы Отан соғысының ардагері Сейіл Ахметовтың немересі Сәрсенғали Сағынғалиұлы Аманкелді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері. Ардагердің отбасында жауынгердің атына берілген аңшы мылтығы осы уақытқа дейін сақталып келген. Атасынан қалған жәдігерді отбасы ақылдаса келе А. Иманов атындағы мемориалдық музей қорына тапсыруды ұйғарған. Сонымен қоса «Ұлы Жеңістің 25 жылдығы» мерейтойлық белгісін, «В.И.Лениннің туғанына – 100 жыл», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарын да музейге тарту етті. Тапсырылған № КС 8040 2 мылтықта «Ахметову С За высокие производственные показатели в честь 50 – летия Каз ССР и Компартии Казахстана РК КПК РИК» деген жазу бар. Музейге ардагердің фотосуреттері, әскери билеті, 1943 жылы 27 қазанда жараланғандығы жөнінде медициналық анықтамасы, «Боевая биография Сеила Ахметова» мақаласы жарияланған газет қиындысы да табысталды. Осылайша музей қоры ардагердің мұрасымен толықты.
– Атамыздың мол мұрасы біздер үшін ғана емес, барлық өсіп келе жатқан жастарға үлгі болса екен деймін. Ол кісінің отан үшін от кешкен ерлігі мақтан тұтарлық. Мұндай заттар музейде тұрып, көпшілік көріп, біле жүргенін қалаймыз, – дейді ардагердің немересі Сәрсенғали Сағынғалиұлы.
Мұндай экспонатты музей қызметкерлері де қуана қабылдап, алғыстарын білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓