Бауырға тартып, үйретсек…

Не жазсам екен? Ой көп, жан қозғар жағдай көп. Бірақ қазақ деген ел барда, жазуға сөз табылады. Себебі, біздің тіліміз құдіретті. Көркем тілдің майын тамыза сөйлеп,  сөзбен қара қылды қақ жарған қазақ ежелден өзінің шешендік өнерімен әйгілі. Тілдің қадірін ұққан бабаларымыз, бір ауыз сөзге тоқталған. Бір ауыз сөз жаныңа медет болса, бір ауыз сөз жүре-гіңді алмаспен тілгендей күйге түсіреді. Мұның бәрі тілдің құ-діреті. Қай дастанды, қай шығарманы алсақ та, бәрі-бәрі көркем сөзбен, қазақ тілінде айқын бейнеленіп, суреттелген, айшықталған. Қарапайым мысал, ұлы Абай Құнанбаевтың қыс өлеңін алайық: "Ақ киімді денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау түсі суық, басқан жері сықырлап, келіп қалды".  Мұндағы сөз құдіреті арқасында, қатулы қысты адамға теңеп, оны көркем суреттеген. Теңеудің озық үлгілері де біздің қазақ әдебиетінде өз орнын тапқан. Тыңдаушыны еріксіз өзіне тарта жөнелу үшін, көбіне теңеу сөздер мен қысқа өлеңдер, мақал-мәтелдер қолданылады. Бұл да тіл құдіретінің бейнесі.
 Алайда тек әдемі сөйлеп қоймай, мәнді де мағыналы ақпарат беру кез-келгеннің қолынан келе бермейді. 200919182158Сондықтан да қанымызға бабамыздан дарыған, бойымызда қыза жүріп, жүрегімізді кейде мұзға айналдырып, кейде өртейтін, өліге жан бітіргізетін қазақы тіліміздің мәнін ұғынып, ретімен сөйлеп, тыңдаушыға тек қана таңырқау ғана емес, мол мағына беретін жандарды біз – шешендер, тіл көсемдері дейміз. Осы бір аса текті кісілердің арқасында тіліміздің мәні жоғалмай, өткенде қалмайды.  Сондықтан да мен не жазам деп қорықпаймын.
Айталық, өз қандастарымыз хақында. Олардың қатарында қазақша білмейтіндер немесе шала білетіндер әлі аз емес. Шатып-бұтып сөйлеп жүргендерді күнделікті көшеден  көріп жүрміз. Меніңше, үлкен-кіші демей, таза қазақпын дейтін әркім оларды кеудесінен итермей, жатсынбай, бауырына тарту керек. Тартқанда қай жер, қандай жағдайда болсын ұялмай, қысылмай өз ойын қазақша жеткізуге жетелесек, үйретсек нұр үстіне нұр! Себебі,  сол замандастарымыздың ұлт дегенде ниеті таза, жүрегі қазақ. Ал енді тілді дамыту – қазақтың,  бәрінің ортақ  міндеті.  Ендеше, мен оларға сенемін.
Гүлмира  Балапашева,
 №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Рудный қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓