Уақытпен бірге адымдап…

Қазір барлық жерлерде  2015   жылға басылымдарға жазылу  қызу  жүруде. Әрине, бұған әсіресе,  ұстаздар қауымы ат салысудамыз. Республикалық  газет-журналдарға жазылу  үстіндеміз.  Дегенмен,  солардың ішінде мен үшін  адамгершілік  пен игіліктің,  жақсылық пен жасампаздықтың, адалдық пен жаңалықтың жаршысына айналған  "Қостанай таңы" газетінің   бәсі биік. Өйткені еліміздің берекелі тірлігін, бекзат болмысы мен  мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуы, әдет-ғұрып, салт-санамызды, баспана, ауыз су тәрізді  көкейтесті мәселелерді кеңінен  толғайды. Қоғамдағы  барлық іргелі  оқиғаларымен  бұл басылым қаншама елдің санасын оятып, қаншама отаншыл ұрпақ тәрбиеледі десеңізші! 
IMG_0008цв18-520x245Басылым беттерінде  басқа тілді араластырмай, қазақ тілін  қуатты құрал ретінде ұстайтын  да "Қостанай таңы".   Қандай мәселені  де сабырмен, сарабдалдықпен бабын таба  суреттеу, дәйектеу, дәлелдеу газеттің басты  қағидасы екеніне көзім әбден жетті.  Тіпті,  редакцияның шығармашыл  ұжымы жыл бойына  бір жерде отырмай, әр ауданда халықпен кездесіп,  әл-ауқатымен танысып, өздерін толғандырған  мәселелерін анықтап,  әр аптада  олардың ұсыныстарын  назарда ұстап отырды. Ал, журналистерінің қарымды қаламы мен алымды ойларына қарап,  олардың әрқашан өздерін  шындық үшін  жаралған жандармыз деп  ойлайтынына  кәміл сенімдімін.  Әйтпесе,  түйсікшілдігі  тайыз болса, өзекті  материалдарды шынайы  баяндай алмас еді.   Сонымен қатар  басылым автордың стилі мен өзіндік жазу мәнерін бұзбай жариялайды.  Осылайша ол  өзінің әр авторының бойына сенім орнықтырып, ынталандыра түседі. Оны өзімнің жазып жүрген мақалаларымнан  байқадым.  Сөйтіп, бүгінде бұл басылым менің ет жақыныма айналды.   Біздің №15 орта мектеп  ұжымы  да осындай өресі  биік газетке  барлығы  жазылды.  Сіздерді  де  "Қостанай таңы" газетіне  жазылудан   тыс  қалмауға  шақырамын.
"Қостанай таңы" жанашыры  Роза Жарқынбекова.
Рудный қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓