Ауылым өнер ұясы, бірақ …
Мен сіздерге өзімнің туған ауылым туралы айтқым келеді. Қасиеті жоғалмаған , тарихы терең, менің ауылым Құмкешу деп аталады. Ауыл тұрғындарының тіршілігіне сүйсініп, үнемі есігін айқара ашып тұрған мешітті көріп қуандым. Ауыл тұрғындары бұл мешітті жұдырықтай жұмылып бірнеше жыл бұрын өздері салған болатын. Жыл сайын ауыл әкімі мен имам халықты ұйымдастырып тұратын жөндеу жұмыстары биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Ауылымның негізгі жағдайы жаман емес екенін білемін. Ауыл тұрғындарына арнал-ған шағын ауруханамыз бен сары алтындай жарқылдаған білім ордамыздың бой көтергеніне биыл 6 жылға айналып, ауыз суының жағдайы да өз шешімін тапқан.

Құмкешу – ежелден бірнеше өнер саңлақтары мен ақындар шыққан талантты жастардың ауылы. Танымал ақындарымыз қос Қабденмен, алпысқа енді ғана аяқ басқан Бүркіт Бектовтың орны бір төбе.
Осы күні өнер арқылы биік шыңдарды бағындырып жүрген Құмкешу ауылынан шыққан ағайынды Гүлім мен Айым Жүсіп-бековалар осы күні Қазақстанның мақтан тұтар өнерпаздары. Сондай-ақ, бүгінгі күнде мектеп қабырғасында жүрген жас өнерпаздарымыз да аз емес. Нүрилә Қоқанбекова "Ақжелкен – 2012" жас әнші-лер байқауына қатысып 1-орын, "Ақжелкен – 2013" жылы бас жүлдені иеленді.
Ақжанат Қабдығалымқызы,
ҚМУ студенті.
Аманкелді ауданы.
1 Response