Бірлікшіл, бекем болайық

Елдің елдігі, ердің ерлігі осындай сәтте сыналады. Сын сағатта бірлікшіл, бекем болудан өзге жол жоқ.
Ағайындар, "өткенге салауат" деген бұрынғы гимнімізде бар еді. Бүгіннің бағасын тарих-төреші ертең бермек.
"Өткел үстінде ат ауыстырма" деген баба сөзін бағыт қылып, ел тағдыры таразыда тұрғанда өкпе қумай, тыныштық сақтайық!
Бұл үлкен сынақ қоғамның санасын өсірді деп сенем. Саналы қоғам салиқалы іске ұмтылса керек!
Абылай Мауданов,
ақын, ҚЖО мүшесі