Тарихи маңызы бар сәт

Ел басшысының келуі – үлкен жаңашылдық пен өзгерістің айқын бейнесі. Себебі халық алғысына бөленген, елдің мұңы мен жоғын жоқтайтын кеменгер тұлғаның қасиетті Торғай даласына ат басын бұруы тегіннен-тегін емес. Бірінші кезекте Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлына деген құрметін аңғарсақ, екіншіден, бұл қастерлі Торғай жұртшылығы елдің, оның ішінде мемлекет басшысының назарында екенінің көрінісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Торғай топырағына келуінде үлкен мағына жатқаны сөзсіз. Президенттен күтеріміз көп, ол кісіге артқан сеніміміз қаншалықты жоғары болса, осы жолғы сапарынанда алар әсеріміз ерекше болмақ деп ойлаймын.
Есім ДАУЫЛБАЙ,
Аманкелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Аманкелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.