Ерлерді еске алды

Қостанай облысының тәртіп сақшылары лаңкестермен қақтығыста қаза тапқан полицейлерді еске алуға арналған жиында бас қосты. Жалпыхалықтық аза тұту күніндегі минуттық үнсіздіктен кейін полицейлерді Қостанай қаласында тарату шарасына жалғасты. 
Жалпыгарнизондық тарату шарасын Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов жүргізді.   
" Қазақстан Республикасында террористік акт кезінде адамдардың қаза болуына байланысты ел Президенті 2022 жылдың 10 қаңтарын Жалпыхалықтық аза тұту күні деп жариялады. Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде сегіз полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Ерлік пен батырлықты көрсете отырып, олар өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін орындады. Олар туралы естелік әріптестері мен бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі сақталады", – деді департамент бастығы.Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестіру және ұстау үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруда. 
Қостанай облысында операция басталғалы бері ішкі істер органына 700-ден астам адам жеткізілген. 281 тұлғаға ТЖ режимін бұзғандары үшін әкімшілік хаттама толтырылды.         

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓