Ұрылар қылмыс үстінде қолға түсті
Қостанай облысында екі ер адам металл тіректі ұрлап, пайда тапқысы келген. Бірақ қылмыскерлердің жоспары іске аспады.
Жоғары вольтты бағананы кесіп әкетпек болған күдіктілерді күзет қызметкерлері ұстады.
"Рудныйда 31 және 33 жастағы ер адамдар кәсіпорындардың бірінің шаруашылық аумағына кірген. Жергілікті тұрғындар газжалынды жабдықтың көмегімен жоғары вольтты металл тіректерді кескен. Ұрлықтарының үстінен күзет қызметкерлері түсіп, ұстап алды", – деді Қостанай облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция полковнигі Абзал Болатов.
Металл сынықтарының салмағы 750 келі. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.