ҚАРЖЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өткен Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында облыстық бюджетті нақтылау және басқа да мәселелер қарастырылды.
Бюджетті нақтылау барысында 35 жасқа дейінгі сұранысы жоғары мамандық иелерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін Отбасы банк арқылы тұрғын үйге кредит беру мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, ауылдарды сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын салуды аяқтауға, төрт антенна-мачт құрылыстарын салуға, сондай-ақ білім беру ошақтарын ағымдағы және күрделі жөндеуге, суды тазарту пункттерін орнатуға қаражат қарастырылды.
Жиын соңында аймақ басшысы ел тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін жоспарланған жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені үшін мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.