Тыныштық сақтау – азаматтық борышымыз
Құрметті қостанайлықтар және облыс тұрғындары!
Әртүрлі арандатушы топтардың мемлекеттігімізге, тәуелсіздігімізге нұқсан келтіруге ниеттелген әрекеттерінің салдарынан біздің елімізде күрделі жағдай қалыптасты. Өкінішке қарай, бұл жағдай біздің облыста да орын алды.
Сақтық танытып, арандатушылыққа бой алдырмау керек. Бұл, ең алдымен, әр отбасының, ұрпағымыздың болашағының қауіпсіздігі.
Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында өте дұрыс және салмақты шешім қабылдады – бұл төтенше жағдайды енгізу.
Шектеу шаралары елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. Президент атап өткендей: «Тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін бізге жанжал емес, өзара сенім мен сындарлы диалог қажет».
Құрметті жерлестер, мен сіздерді төтенше жағдай кезінде барлық шектеу шараларын сақтауға шақырамын, мұның барлығы отбасыңыздың қауіпсіздігі мен жалпы қоғамымыздың тұрақтылығы үшін қажет.
Мен Қостанай өңірлік университетінің студенттері мен олардың ата-аналарына, әріптестеріме өтініш айтқым келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен демалыс күндері 24 қаңтарға дейін ұзартылды, ұжым қашықтан жұмыс форматына көшірілді. Босаған гранттар, ауысулар бойынша және барлық ағымдағы мәселелерге байланысты 20 қаңтардан бастап директораттармен хабарласуға мүмкіндік бар.
Бақылаудың барлық формалары қашықтағы форматқа көшірілді.
Жұмыс кестесіндегі өзгерістер кейінірек хабарланады.
Құрметті қостанайлықтар! Осындай қиын жағдайда бірлігімізді, келісімімізді сақтауымыз керек. Елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – біздің азаматтық борышымыз.

Алма Дощанова,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры