Теріс пиғылдылардан аулақ болыңыздар

Құрметті отандастар, ағайындар !
Осы сәтте қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді билік пен халықтың арасындағы диалог негізінде шешуге болады және солай болуы керек. Күш қолдану мен басқа да әдістер ахуалды нашарлатуға, трагедияға алып келетініне көзіміз жетті. Бүкіл сұрақтарды заңның негізінде шешуге болады. Отандастарды сабырлыққа, тәртіпке шақырамын, арандатушылардың теріс пиғылынан сақ болыңыздар.
Осы жағдайға байланысты колледждер мен ЖОО-ың студенттерін көшелерге қажетсіз шықпау, жүрмеу және ресми рұқсат берілмеген іс-шараларға, жиындарға қатыспауларын өтінемін.
Бірлікті, ұйымшылдықты және бейбітшілікті сақтау – міне, біздің бүгінгі мақсатымыз. Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік байлық» деп бекер айтпаса керек.
Татулық пен келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бұл – тарихи заңдылық.
 
Жангелді Шаукенов,
А.БайБайтұрсынов атындағы ҚӨУ
 қауымдастырылған профессоры,
тарих ғылымдарының кандидаты
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓