Батыр атындағы байқау
Кеңес одағының батыры,жазушы, ІІ дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 111 жыл толуына орай батыр атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында «Бауыржан оқулары» байқауы өтті.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, поэзияға, Бауыржан Момышұлының рухани мұрасына деген құрметті арттыру мақсатындағы байқауға республикамыздың Б.Момышұлы есімімен аталатын мектептер де қатысуға мүмкіндік алған.Іс-шара мектеп ордасында алғаш рет ашылған Бауыржан Момышұлының мемориалды кабинет-мұражайына саяхат жасаудан басталды. Одан әрі қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Белсене қатысқан оқушыларға арнайы сертификат табысталды. Жалпы төрт номинация бойынша 29 мектептен 85 өтінім қабылданған. Ауыспалы кубок №28 мектеп-гимназиясына ұсынылды.Қашықтан өткізілген байқауда «Жас оператор» номинациясы бойынша І орынды А.Қабдыров (М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп), ІІ орынды Г.Сайлаубай (№28 мектеп-гимназиясы), С.Қартбаева (№10 жалпы білім беретін мектеп), ІІІ орынды М.Жетпісбаев (№19 жалпы білім беретін мектеп) және С.Гумбатова (Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп) иеленді.
ZOOM конференциясы арқылы өткізілген “Көркем сөз шебері» номонациясы бойынша І орын Р.Қазбековаға (Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп); ІІ орын А.Ағытаеваға ( Дружба жалпы білім беретін мектебі), Азиз Берікұлына (ФМЛ); ІІІ орынды П.Пильгуйге (Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп), К.Бектаеваға (№28 мектеп-гимназия) бұйырды.
Офлайн режимінде өткізілген «Шебердің қолы ортақ» номинациясы бойынша І орынды П.Шишкина (№27 жалпы білім беретін мектеп), ІІ орынды И.Воросцов (№17 жалпы білім беретін мектеп), А.Кучер (№13 жалпы білім беретін мектеп); ІІІ орынды А.Цыганова (№18 мектеп-гимназия), А.Царбок (Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп) еншіледі.
«Жас қаламгер» номинациясы бойынша І орынға С.Қылышбай (№17 жалпы білім беретін мектеп); ІІ орынға Д.Кәкімбек (№28 мектеп-гимназия), А.Қыдырбекқызы (С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназия); ІІІ орынға М.Завгородняя (Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп), А.Таңатова (№11 жалпы білім беретін мектеп) ие болды. 2001 жылы ашылып, 20 жылдығын атап өтіп отырған Б.Момышұлы атындағы №5 кадет мектебінен сан мыңдаған талапкер түлеп ұшты. Осындай деректермен сөз алған мектеп басшысы Ж.К.Ерденова болашақта «Бауыржан оқулары» байқауы дәстүрлі түрде облыстық,республикалық деңгейде өткізіліп тұратынын айтты.
Үш күнге ұласқан байқау концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Жанар Жұмағұлова,
Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері