Ерекше өткен мерейтой

Іргесі 1964 жылы қаланған Мичурин орта мектебі Қостанай ауданындағы тарихы терең білім ордаларының қатарында. Осы жылдар аралығында оқу ордасы білім беру, тәрбие, жаңашылдық, жаңа технология жағынан қатарластарына алдын бермей келеді. Бұл алтын ұядан талай дарынды шәкірт қанат қақты. Бүгінгі таңда мұнда 400 оқушы білім алып жатса, мектепалды даярлық тобында тағы 50 бала бар. Ұстаздардың тоқсан пайызға жуығы – жоғары білімді педагогтер әрі сарапшылар, модераторлар.IMG_2572
Міне, аталған білім ордасы өзінің 55 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара болып өтті. Мерекелік сценарийдің өте бай болғаны соншалық, бағдарламалары да әр алуандығымен ерекшеленіп тұрғанын айта кету керек. Мектеп кіре берісіне фуршет жайылған, ардагерлерге дастархан жаю да ұмыт қалмаған. Ал шоколад фонтаны, арнайы фотосессия алаңдары алыстан менмұндалап тұр.IMG_2678
IMG_2676– Әлеуметтік желіде ардагерлеріміз, түлектеріміз парақша ашқан. Себебі, оқу орнымыздың бүгінгі күнге зор абыроймен жетуіне олардың үлесі зор. Ғаламтордағы парақшамызда күн сайын мектебіміз, осында еңбек еткен ұстаздар және тәмамдағандар жайында жаңалықтар беріліп отырады. «Біздің дана педагогтеріміз бен түлектеріміз» деп аталатын арнайы айдарымыз бар. Мәселен, шетелдердегі түлектеріміз бейне құттықтаулар жіберіп жатыр. Бұдан бөлек, биылғы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына және Жеңіс 75 жылдығына оқушыларымыз, ұстаздарымыз, түлектеріміз челлендж бастап, бірінен-біріне жалғастырып жатыр. Біз бүгінгі шараға барша қонақтарымызды, ауыл адамдарын арнайы шақырдық. Барлығына есігіміз ашық!, – деді Мичурин орта мектебінің директоры Айнаш Даданова.IMG_2699
Айнаш Молдакешқызы білім шаңырағының биылғы мерейтойын қарсы алып отырған оныншы басшы. Облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси Кеңес мүшесі, Қостанай аудандық Көшбасшы әйелдері клубының мүшесі. «Қазақстан республикасының құрметті депутаты», «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері» атақтарының, бірнеше медальдердің иегері. Білім беру саласында, соның ішінде жетекшілік қызметте бай тәжірибесі, зор абыройы бар.
Мектеп оқушылары мен ұжым үшін ардагерлерден ардақты адам жоқ. Сондай абзал жандардың бірі – Мичурин орта мектебінде 1975-2011 жылдар аралығында еңбек еткен білікті ұстаз Нұржамал Мұқашева. Бір мақтанарлығы, бұл білім шаңырағында ол кісінің үш баласы, немересі оқып, барлығы «Алтын белгімен» бітірген екен. Ардагер бүгінгі шараға құрметті мейман ретінде шақырылып отыр. Өзі қанат қаққан оқу орнының беталысына үнемі разы болып отыратынын жеткізді.
– Осы білім ордасына сонау жетпісінші жылдың ортасында келгенде, алдымен, тәртібіне сүйсіндім. Мұғалімдердің білімі, мәдениеті жоғары, өзара ұйымшыл. Жұмысты беріліп істейтін. Тарихы бай. Аға буын әріптестерім білгенін үйретуден жалыққан емес. Тоқсаныншы жылға дейін орыс тілінен, одан бері қазақ тілінен сабақ бердім. Талай мақтан тұтар шәкірттеріміз үлкен өмірге қанат қақты. Менің көз алдымда өзімнің еңбек еткен жылдарымнан бергі барлық жетістік сайрап тұр. Біздің алтын ұямыздың тарихы – тұтас энциклопедия. Ал өзіміз осындай мерейтойда басымыз қосылған кезде сол үлкен кітабымыздың парақтарының одан бетер толығып жатқанына куә болып келеміз.IMG_2925
Мерекелік шара алдымен мектептің спорт залындағы түлектердің салтанатты сап түзу шарасымен басталды. Ұлы Абайдың және Жеңіс мерейтойларына орай «Әлия» әні тартылды. 11-сынып оқушылары арнайы әзірлеген флешмоб көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары «Қазақстан – ортақы шаңырағымыз» әнімен жиналғандарды тамсандырды. Түлектердің сап түзу салтанаты қоңырау соғу сәтімен аяқталды. Бұдан кейінгі концерттік бағдарлама мектептің акт залында жалғасып кетті.
– Бүгінгі Мичурин орта мектебінің барлық жеткен жетістігіне ардагер ұстаздардың еңбегі өте зор. Қазір әр салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің де туған шаңырағының көркеюіне үлкен үлес қосып жатқанын айрықша атап еткіміз келеді. Мұндай маңызы зор шаралар жалғасын таба береді деген сеніміміз бар, – деді Қостанай аудандық білім бөлімінің басшысы Маржан Салмағамбетова құттықтау сөзінде.
Бөлім басшысы білім ордасына шашу ретінде 500 мың теңгенің сертификатын тарту етті. Сонымен қатар мерейтой иелерін аудандағы мектептердің директорлары да құттықтай келіпті.
Жалпы, шара барысында білім ошағының шежіресі, жетістігі баяндама тұрғысында емес, видео фильм түрінде көрсетілді. Қысқа топтама әр жылдардағы жағымды жаңалықтарға, ардақты есімдерге толы. Сондай-ақ, білім шаңырағының тарихында зор еңбек сіңіріп, өмірден өтіп кеткен жайсаңдар да ұмыт қалған жоқ – олардың рухына тағзым ретінде бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Сонау 1964 жылдан алғаш Виктор Хныкин басшылық еткеннен бергі директорлардың тізімі құрметпен аталады. Ал бүгінгі мерекелік шараға арнайы шақырылған бұған дейін директор қызметін атқарған көзі тірі ардагерлерден Х.Байтеңізов, В.Байкунова, С.Бурдюг, С.Ковлюшенкоға жиналғандар айрықша ілтипат көрсетті. Мичурин орта мектебінің қазіргі басшысы қоғамда саяси белсенділігімен қатар, спорт, өнер саласынан да кенде емес. Ал бұл жолы Айнаш Даданова барлық қонақтарды өзінің досы екенін жеткізіп, «Достарым» әнін тарту етті. Шәкірттер болса, алдыңғы қатарды толтырып отырған ардагерлерге гүлдер мен сыйлықтар табыстады.IMG_2808
Ұстаздар қатары да мерекелік шашумен келіпті. «Әзірге бәрі үйде» сұрақ-жауап ойынында олар мектептің өткен тарихын бес саусағындай білетінін жеткізіп жатты. Мәселен, олардың 1964 жылы білім ошағы есігін айқара ашып жатқанда, балабақша табалдырығын аттағандары бар. Мұның арасында «Сыныптастар кездесуі» сағатын ерекше кульминация деуге болады. Себебі, сонау 45 жыл бұрынғылардан бастап, әр 5 жыл сайынғы мектеп түлектері және 2019 жылы оқу аяқтағандарға дейін сынып-сынып болып топтаса келіпті.IMG_2785
Оқушылар барлық меймандардың құрметіне әннен, биден өнерлерін көрсетсе, кездесу кеші мерекелік отшашумен аяқталды.IMG_2582
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ        
    Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓