Жоғалған өлшемдер ата-ананы әуреге салды

Биылғы мектеп жылында мектеп оқушыларына біріңғай киім формасы міндеттелген болатын. Оқу жылының соңында әр мектеп өздеріне ұнаған киім үлгісін таңдап, соңында бір шешімге тоқталып, тапсырыс та берді. Әрине, мұның бәрі де ың-шыңсыз өтті деуге болмас. Қанша ата-ана болса, сонша пікір. Әркім өзінше ойлайтыны тағы бар. Сол себепті кейбір ата-ана өздері жеке тіккізіп те жатты. Десе де, талап баршаға ортақ. Ортақ киім үлгісі керек деген соң келісімге келіп, әр мектеп өзінше шешім қабылдады. Енді, міне, жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Баламыз мектепке дайын ба? IMG_7469Мектеп киім үлгісін тапсырысқа алған ательенің бірі “Мастак” ательесі орталықта орналасқан. Шекесінде “Стиьлная форма” деп жазылған сауда орталығының алды құжынаған халық. Қаладағы көп мектеп ұжымдары осы ательеге тапсырыс берді. Алдын ала ақысын төлеген ата-ана балаға киімді алу үшін осы маңда бір-екі сағаттан кезекке тұруға мәжбүр. Себебі тапсырыс айтылған уақыттан кеш келген. Тіптен кейбір мектептердің алдын ала берген өтініштері ұштүгейлі жоқ. Қоғамның қызу талқысына түскен осы мәселеден осы жерде дау шығып тұр. Халық жиналған жерге біз де бардық. Көзімізбен көріп, құлағымыз естуді мақсат тұтып. Расымен де риза көңілмен шығып жатқандардың қатары аз.
            Алина Әлімова, №17 мектеп, ата-ана:
–Балаға киім үлгісіне 5 мамыр күні тапсырыс бергенбіз. Содан бері бірнеше рет келдік. Әне дайын болады, міне дайын боладымен міне, бүгін 25 тамызға да жеттік. Сабақтың басталуына да аз-ақ уақыт қалды. Берген өлшемдеріміздің жоғалып кеткенін кеше ғана айтты. Енді не істейтінімді білмеймін. Ақшамды қайтарып алып, базар жағалайтын шығармыз. Білмеймін. Кеше де келген едік. Екі сағат тұрып кіргенде естіген жауабымыз жаңағы. Баламен осы жерге бүгін тағы келіп тұрмыз.
Өзін таныстырмауды өтінген ата-ана:
–Біз де киім өлшемдерін дер уақытында берген едік. 25 шілдеде келіп аласыздар деді. Содан бері бірнеше рет келдім. Ешқандай да киім болмады. Осы жерге кезек күтпей кіру үшін ертемен келдік. Юбка да, пиджак та тігілген. Бірақ кейбір жерлері дұрыс емес. Қайтадан дұрыстауға тапсырып кетіп барамыз. Сапасы жақсы деп жатыр. Кім білген. Кигенде көре жатармыз.IMG_7437Бұл жағдайға алдымен қандай да бір “уақытым жоқ” деп түсінік беруден бас тартқан дүкен қожайыны мұндай жағдайға тапсырысты кеш берге ата-аналардың өздерін кінәлап отыр.
Анна Валерьевна, “Стильная форма” дүкенінің қожайыны:
–Ыңғайсыз жағдай болып тұр. Бүгінде жалпы тапсырыстың 90 пайыз орындалды деуге болады. Тауар келіп тұр. Қазір мүмкіндігінше беріп жатырмыз. Кейбір тапсырысты ата-аналар өздері созып жүріп алды. Бірақ алдын ала бергендер 15 шілдеден алып кете бастады. Бұл үлкен процесс. Қазақстанда тігін ательем бар. Қазақстанда барлық тапсырыстың тек 20 пайызын ғана тіктік. Бірақ біз Ресейдің тігін фабрикаларына да жүгіндік. Сол тігін ательелерге киім өлшемдері жеткізілмей қалған. 150-ден жоғары адамның тапсырысы жоғалған. Олардың қатарында №17 және 9 мектеп бар. Қазір осы мәселені тез арада шешу үшін тапсырыс қабылдап жатырмыз. Немесе ақшаны қайтарамыз, бұл ақшаға ештеңе таба алмаймыз дегендерге бір апта ішінде тігіп береміз деп түіндіруге тырысудамыз. Немесе матаны 20 пайыздық жеңілдкпен сатамыз. Жағдайды түсініп отырмыз. Бірақ қолдан келері осы. Күшіміз жеткенше көмектесудеміз.IMG_7445
Аз ғана уақыттың ішінде баласын мектепке дайындауға асыққан ата-ана енді тағы күтуге немесе өздігінен киім іздеуге асық.
 
Айтолқын Айқадамова.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓