«Вирусты вакцинамен жеңеміз»
Қостанай ауданында 330 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды.
Аталған екпе Қазақстанда әзірге тек жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынып жатыр.
Қостанай аудандық ауруханасының мәліметі бойынша, Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 75 жасөспірім, 175 бала, 6 жүкті және 74 бала емізетін ана алды. Ал 36 адам екінші компонентін салдырған.
Әбілмансұр Олжабаев пен Әмірхан Ермекбаев – Қостанай ауданы Абай мектебінің 6 "б" сынып оқушылары. Бүгін олар Pfizer вакцинасының екінші компонентін алу үшін Заречный дәрігерлік амбулаториясына келді.

Оның сыныптасы Әбілмансұр да алғашқы вакцинаның ешбір кері әсері болмағанын айтады.
– Біздің үйде бұл вируспен ешкім ауырмады, бірақ басқа таныстарым мен туыстарымның қатты қиналғанын көрдім. Отбасымыз гигиена ережелерін қатаң сақтайды. Қолымызды сабынмен немесе антисептикпен жиі жуамыз, қоғамдық жерлерде маска киеміз, жөтелгенде немесе түшкіргенде аузымыз бен мұрнымызды жабамыз. Бұл туралы бізге мектепте айтылды. Сыныптастарым да вакцинаның бірінші компонентін жақсы қабылдады. Жақында біз бұл вирусты жеңеміз деп сенемін! – дейді Әбілмансұр.

Суреттерді түсірген Рабиға АТУЛЛИНА.