Дерт жұқтырғандар – 39 адам
2 маусымда Қостанай облысында 39 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 18, Рудный қ. – 7, Арқалық қ. – 4, Мендықара және Б.Майлин аудандарында 2 адамнан, Жітіқара қ., Амангелді, Қарабалық, Қостанай, Сарыкөл және Федоров ауданында 1 адамнан індет табылды.
31 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 6 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 адам профилактикалық мақсатта тексерілген кезде дертке шалдыққандары анықталған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 35 адамда ауру белгілері болды, 4 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 2 маусым аралығында COVID-19-ды 15829 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 15000.