Ән әуелеген кеш
Жангелдин ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты аймақтық ән байқауы өтті.
Облыстық Мәдениет басқармасының обылстық көркемөнерпаздардың халық шырағмашылығы мен кинобейнеқор орталығының және аудан әкімдігінің қолдауымен өткен байқауға облыстың аудан-қалаларынан жас дарынды өнерпаздар қатысты. Олар Қазақстан композиторларының бір әнін және Тобыл-Торғай өңірінен шыққан сазгерлердің бір әнін орындады. Екі кезеңнен тұратын ән сайысында Әулиекөл ауданының өнерпазы Асхат Шыңғысов облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы тағайындаған арнайы сыйлыққа ие болды. Үшінші орын Жангелдин ауданының жас дарыны Гүлім Маратқа бұйырды. Екінші орынды арқалықтық Уәлихан Қонысбаев еншіледі. Бірінші орын Федоров ауданының таланты Тасқын Әжібайдың қоржынына түсті. Ал байқаудың Бас жүлдесін Қостанай қаласының атынан қатысқан танымал әнші Қанат Ражанов жеңіп алды.