“Шәмші әлемі” шақырады

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында 15 тамыз күні сағат 15:00-де Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Шәмші әлемі» атты онлайн концерт өтеді.maxresdefault
Концерттің мақсаты:
– композитордың 90 жылдық мерейтойына арналған ән-күй мұрасын насихаттау арқылы қолдау;
– өскелең ұрпаққа Шәмші заманындағы, оған дейінгі және кейінгі қазақ халқының ұлттық музыкасын, төл өнерін дәріптеу, мемлекет жастарын есті әндермен елжандыққа тәрбиелеу.
Концертке Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әртістері – "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегерлері Манапбек Қадыров пен Серік Абилев, филармонияның солистері – Жәнібек Жұмахан мен Мәдина Күлжанова қатысады.
Онлайн концерт облыстық «Qostanai» телеарнасы мен филармонияның «You Tube» және «Facebook» ресми платформаларында көрсетіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓