Мүгедектерге мүмкіндік сыйлайтын жоба

Қыркүйектің 9-на дейін «Жұлдызға қара» жобасының 2-айналымына өтініштер қабылданады. Бұл – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры жүзеге асырған мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға бағытталған шара.даму
Респбуликада кәсіпкерлікті дамытуға серпін беруді көздейтін бұл жобаға 18 жастан жоғары мүгедектер қатыса алады. Басты шарты – олар өз кәсібін енді бастап жүрген немесе бизнес саласында тәжірибесі қалыптасқан болуы керек. Қабілеті мен білімін, талпынысын таныта алуы, сонымен қоса, өз бизнес-жоспарын таныстыру қажет болады. Оның бәрі сайысқа жолданбақ өтініште көрсетіледі.мугедек
100 мың, 200 мың және 300 мың теңгелерден тұратын гранттар өтінім берушілерге, бизнес-жоспарында тізімделген мақсаттар мен оның салмағына  байланысты, дәлелдеп бере алуларына орай берілетін болады. Қажетті құжаттар жөніндегі ақпараттарды  www.damu-komek.kz немесе www.kuszholy.kz сайттарынан алуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓