Қала ахуалы тұрақты

 
Рудный қаласында жыл қорытындысы бойынша 934,7 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 478,9 млрд. теңгеге артық. Бұл туралы бүгін, 22 желтоқсанда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергеновтың «Рудный қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбына арналған брифингте хабарланды
           Журналистермен кездесу барысында короновирус пандемиясының қиын кезеңінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары өсіп келе жатқанын атап өтті. 11 айдың қорытындысы бойынша темір кені концентратын өндіру 8% – ға, шекемтастар 23% – ға, отқа төзімді заттар 25% – ға, болат құрылыс конструкцияларын өндіру 10% – ға ұлғайған. Ал, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 14,2 млрд.теңгені, бөлшек тауар айналымының көлемі 60,7 млрд. құрайды.
            «2021 жылы үйлерді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және реконструкциялауға 8 млрд.650 млн. теңге бюджет қаражаты бөлінді. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және тұрғын үй тапшылығы проблемасын шешу мақсатында қаржыландыру бөлінді және Восточный көшесінде жеті үйдің құрылысы жүргізілуде. Көп балалы отбасылар үшін 245 млн.теңге сомасына 22 пәтер сатып алуға қаржыландыру бөлінді. 23,28,29 шағын аудандар мен 22,26,27 шағын қабатты құрылыстарды газдандыру, 39 орамды газдандыру, 40 лет Октября көшесі бойынша газ құбырын салу, 1-ші Западная, 2-ші Западная, Котельная, Пришкольная көшелері бойынша ауыз су құбырын реконструкциялау, Сарыбай кенішінің – Пушкин-Промзон көшесінің сорғы станциясына дейінгі су құбырын реконструкциялау, кәріз коллекторын салу, Рудный қ., Қашар к. және Горняцкий к. жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде»,- деп қала әкімі құрылыс саласының жұмыстарына тоқталып өтті.
            Ағымдағы жылы Рудный қаласында жолдарды орташа жөндеуге 130,8 млн.теңгені құрайтын жалпы ауданы 16,5 мың м² асфальт төселген. Қаланың көшесін жарықтандыруды қалпына келтіру шеңберінде Строительная, Киров, Свердлов, Пионерская, Горький, Фрунзе, Қашар көшелері бойынша, «Дельфин» бассейні, қан орталығы,      № 9, № 3 балабақшасы, «Жас-бөбек» балабақшасы жанында      272 шам мен тірек орнату бойынша жұмыс жүргізілген. Қашар және Горняцкий кенттерінде, сондай-ақ Перцев ауылында 22 балалар спорттық-ойын алаңдары, оның ішінде 1 алаң жеке кәсіпкермен орнатылған. Барлық балалар алаңдары металл ойын және спорт жабдықтарымен жабдықталған. Құрылымдар жоғары функционалдылығымен, қауіпсіздігімен және эстетикалық келбетімен ерекшеленеді.
            «2021 жылғы 1 қарашада тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны-7002. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 88,4% – ды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 4,9% – ға артық. Қалалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 120,2% – ға, шығыстар бойынша 100% – ға орындалды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмыспен қамту, ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, жастар саясаты, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында қаражат бөлінді. 2021 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бөлінген сома 30 млн.354 мың теңгені құрайды, бұл 2020 жылға қарағанда 3,5 млн. теңгеге артық»,- дейді  Қуандық Испергенов.
            Орташа айлық жалақы 17,7% – ға өсті және қала бойынша 224 мың 232 теңгені құрайды. Білім беру саласына тоқталсақ, қазіргі таңда 22 жалпы білім беретін мектеп, 16 мемлекеттік балабақша, 7 жеке меншік балабақша мен шағын орталық, 307 мектеп жасына дейінгі балалар контингенті бар 13 жалпы білім беретін мектеп базасында 20 шағын орталық жұмыс істейді. Брифинг қорытындысында алдағы жылға жоспар ауқымды екенін жетікізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓