Пофессор атағы берілді

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті акт залында Ректор Сәбит Есмұратов салтанатты түрде Сапар Ысқақовқа профессор аттестатын табыстады.
– Сапар Ысқақов – еліміздің беделді азаматы. Біз ағамызбен мақтанамыз. Ең алдымен құрылысшы, архитектор, публицист, меценат. Бұл кісінің жасап жатқан ісі өте жоғары. Елінің түп-тамырын іздеп, әрбір барған жеріне қазақ халқын таныстырып, тарихта өз орнын қалдыруда,-деп Сәбит Есмұратов ойымен бөлісті. Сондай-ақ, университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен С.Ысқақовқа "Құрметті профессор" атағы берілді.
Сапар Ысқақовпен бірге КИнЭУ-де қонақта география ғылымдарының докторы Орденбек Мазбаев та болды. Қонақтар «Бабалар ізімен» атты экспедиция жайында толығырақ айтып берді.
Сапар Ысқақов «Бабалар ізімен» атты 65 күндік ғылыми экпедицияның жетекшісі. Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Қоғамдық-қайырымдылық қорының қолдауымен экспедиция әлемнің 15 мемлекетін аралайды.  IMG_4554Аталған уақыт аралығында ғылыми топ Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Польша, Германия, Италия және т.б. мемлекеттердінде зерттеу жүргізеді. Басты мақсаты – қазақ ұлтының түп тамырын зерттеу және көне ғұндар, түріктер мен қыпшақтардың ұрпақтарын іздестіру. Бұл тұрғыда Сапар Ысқақовтың тәжірибесі мол.  Түрлі экспедиция мүшесі болып қана қоймай, 119 күнге жалғасқан жер шарын айналған саяхат жасады.
 
 
– Осы жылы Парижге бару жоспарда бар. Негізгі мақсатымыз батысында Атлант мұхиты, шығысында Үндістан, солтүстігінде Ресейге дейін жететін ата-бабамыздың ат тұяғы басқан жерлерді зерттеу, – деп сапар Ысқақов ойымен бөлісті.
Айта кеткен жөн, Сапар Ысқақов классикалық музыканың  жанкүйері. Атақты композитер-қобысшы Тілеп Аспантайұлының тікелей ұрпағы болып келеді. Сапар Ысқақовтың бастауымен кәсіби әртістерден тұратын  «Көк түріктер» этно-фольклорлық ансамблі құрылды. Кездесу барысында Сапар Ысқақов Рим папасына қазақтар үшін қасиетті саналатын қобыз аспабын сыйға тартпақшы.IMG_4561Елімізді барша әлемге таныстыру, абыройын асыру әрбір азаматтың міндеті. Көрнекті қоғам қайраткері, меценат, атақты саяхатшы Сапар Ысқақов елімізді әлемге таныту үшін талмай еңбек етуде. Ұлтымыз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтауда жасаған жұмыстары орасан зор. IMG_4584
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓