Депутаттар Әулиекөл ауданында болды
Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаттары Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев іссапармен Әулиекөл ауданына барды. Халық қалаулылары сапар барысында жергілікті атқарушы билікпен және «Нұр Отан» ХДП активі, аграрлық мекемелер басшыларымен кездесті.
Кездесуде депутаттар мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген даму бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Аймақтық даму, агроөнеркәсіп кешенін нығайту, кәсіпкерлікті қолдау міндеттері тұрғысында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін талқылады.



Кейін аудан орталығындағы Әулиекөл ауылшаруашылық колледжі мен "Аз-Хазар" ет комбинатының жұмысымен танысты.
Толығырақ газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.