Береке барда – жеңіс көп

Қостанай қаласындағы №16 жалпы білім беретін мектеп өңірдегі ең ірі оқу ордаларының бірі саналады. Мұндағы 1600-ден астам оқушыға 130 ұстаз тәлім беруде. Алайда оқу орны орны сапалы біліммен ғана шектеліп қалып отырған жоқ, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға, жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
– Біздің педагогтеріміздің сабақ өткізу тәсілі жан-жақты. Олар қатардағы мұғалімдер емес, зерттеуші-сарапшы мамандар. Осының арқасында үлкен нәтижелер беріп келе жатыр. Оқушыларымыздың арасынан республикалық олимпиадада жоғары деңгей көрсеткені бар. Бұл ең алдымен, оқу орнымыздың абыройы, ұстаздарының еңбегінің жемісі. Бастысы, ұжымымыз өте ұйымшыл, бұл да оқу процесі мен жарыстарда үлкен жеңіске жеткізуде, – деді №16 жалпы білім беретін мектептің директоры Ілияс Елжасов.
Ал былтырдан бері білім ордасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлестігі айтарлықтай шаруалар атқарыпты. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған челленджде осы бірлестіктің жасаған бейне баяны қала бойынша отыз мектептің арасынан бас жүлдені жеңіп алған.
Жуырда ғана М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған ұстаздар арасындағы челленджде ақиық ақынның поэзиясын мәнерлеп оқудан жеңімпаз танылып отыр. Бірлестіктегі ұстаздар осы және өзге де байқаулар мен жарыстарға қатысар кезде ең әуелі мектеп басшысы үнемі қолдау көрсетіп келе жатқанына зор алғыстарын білдіруде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓