Қала ахуалымен танысты
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Рудный қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарда болып қайтты.
Ең алдымен, Рудный қаласының әкімінің орынбасары Азамат Қуандықұлы Жастар ресурстық орталығының жұмысымен таныстырып, оқушылардың жетістіктерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Бақыт Аманкелдіқызы белсенді оқушылардан жағдайлары туралы сұрап, әңгімелесу барысында олар барлығы ұнайтынын жеткізді. Сондай-ақ, өңір басшысының орынбасары ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары аяқталған №8 орталықтандырылыған кітапхана филиалын тексерді. Алдағы уақытта кітапхананы сервистік қызмет көрсету кешеніне, оқудың шығармашылық атмосферасын құру, диалогтық және мәдени алаңға айналдыру көзделген.
«Білім алушыларға арналған кітапхана, жастар орталығының жағдайы жақсарғанына көз жеткіздік. Қазіргі таңда басты назарды жас ұрпаққа бұрып, салауатты өмір сүруге жағдай жасау басты міндетіміз. Алдағы уақыттарда оқушыларды аймақтық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысуға демеушілікті арттыру қажет»,-дейді Бақыт Есімова.
Іс-сапар барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне Рудный қаласы полиция басқармасының учаскелік пунктеріне жаңа 9 компьютер табыстады. Қызметкеркерлерді мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар, жұмыс сапарының соңында Рудный қаласындағы балалар спорт алаңының ашылу салтанатына қатысып, жастар саясатын одан әрі жандандыру мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді.