Өзара ықпалдастыққа қол жеткізді

Сочиде Қазақстан мен Ресей өңіраралық қарым-қатынастығына арналған XII форум болып өтті. Оған екі ел Президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
        Форум барысында ауылшаруашылық саласындағы байланыстарды нығайтып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары екі жақты әңгімеге арқау болды. Сондай-ақ, мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан-Ресей арасындағы маңызды мәселелер талқыланды.
       Келелі басқосуға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған біздің облыс делегациясы да барды.

аким

      Алқалы жиын алдында  «Агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының келешегі» арнайы  көрмесі ұйымдастырылып, оған алпыстан астам қазақстандық тауарөндірушілер қатысқанын айта кеткен жөн. Қостанай облысынан барған  «Баян сұлу» кондитер фабрикасы, «Қостанай ұн комбинаты» АҚ, «Милх» ЖШС тәрізді кәсіпорындар көрмеге өздері шығарған 100 шақты тағам түрлерін қойды.
     Форум аясында «Қостанай облысының аумағында жылыжай кешенінің құрылысын салу» жобасын жүзеге асыру мақсатында  бірлескен кәсіпорын құру туралы Челябі облысының «Чурилово» агрокешені мен «Тобыл» ӘКК Меморандумға қол қойды.
        Сонымен қатар облыс әкімі А.Мұхамбетов Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашевпен кездесіп,  осыған дейін қол қойылған өзара қарым-қатынастық туралы келісімге сәйкес бірқатар іс-шаралар жоспарын түзді. Онда кәсіпкерлік, өнеркәсіп өндірісін дамыту, ауылшаруашылық, құрылыс, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, жастар саясаты, мәдениет пен спорт мәселері қамтылған.
        
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓