Worldskills Kazakhstan – 2021: колледж студенттері 12 медаль жеңіп алды
10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Worldskills Kazakhstan-2021 республикалық чемпионатының салтанатты жабылуы өтті. Біздің құрама кәсіпқойлық үшін 6 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль және 7 медальонді жеңіп алды. Бұл біздің команда жарысқа қатыса бастаған 2015 жылдан бергі ең жақсы нәтиже.
Қостанай автомобиль көлігі колледжі студенттерінің есебінде 4 алтын, тағы 4 медальді Қостанай политехникалық жоғары колледжінің білім алушылары жеңіп алды.
«Біздің құраманың жетістіктеріне өте қуаныштымын! Бұл ең алдымен, облыстың ТжКБ жүйесінің даму деңгейінің көрсеткіші. Министрдің әлемдегі ең үздік ТжКБ жүйесінің ондығына ену жөніндегі тапсырмасы әбден орындалады, бүгінде колледждердің материалдық базасы жаңартылуда, білім беру бағдарламаларына үздік әлемдік тәжірибе енгізілуде. Біз жоғары жетістіктерге ұмтыламыз және үздіктердің үздігі атағын мақтанышпен алып жүреміз», – деп мақтанышпен жеткізді «Ауыл шаруашылығы машиналарының слесарь-жөндеушісі» құзыреті бойынша бас өңірлік сарапшы Айса Валиев.
Жеңімпаздарымыз да өз әсерлерімен бөліседі. «Дене шынықтыру және спорт» құзыреті бойынша алтын медальді жеңіп алған Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенті Мария Уварова:
-Бұл ұмытылмас чемпионат болды! Мен мұндай ауқымдағы іс-шараға қатысу тәжірибесін алғаш рет алуым. Кәсіби шеберлік сайысы спорттық жарыстан ерекшеленеді, өйткені педагог ретінде кәсіби дайындық деңгейін көрсету қажет болды. Чемпионат одан әрі кәсіби табысқа жету үшін үлкен мүмкіндіктер ашады деп санаймын!, -дейді ол.
«Инженерлік графикаCAD » номинациясының жеңімпазы Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті Хасанов Сұлтан а жеңіске жеткеніне қуанышты:
«Мен облысымыздың атынан шыққанымды мақтан тұтамын! Тәлімгерлерімізге рахмет! Осы құзірет бойынша өткен чемпионатта біз медальон алдық, ал бұл чемпионатта біз алтынға ие болдық. Бұл біздің саладағы құзіреттілікті дамытудағы үлкен серпіліс. Біздің облысымыздың және Қазақстанның намысын халықаралық деңгейде қорғауға дайынмын», – дейді Сұлтан Хасанов.