Қостанайлық оқушылар тест тапсыруда

Көптен бері  ата-ананы да, ұстаздарды да, мектеп бітіруші түлектерді  де толғандырған, бір үміт пен күдік  тудырған  Ұлттық бірыңғай тестілеу біздің облысымызда басталды.DSCN0400 Біз  А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың тестілеу орталығына  келгенімізде,  қобалжып тұрған түлектерімізді де, ата-аналарымызды да көргеніміз жоқ. IMG_3576  Барлығы да бірмен-бірі әңгімелесіп, әзілдесіп тұрды.  Ер балалар костюмдерінің  сыртқы қалтасына  «Визитка удачи»  деген жазуы бар бір жапырақ қағазды да іліп алған. Тізім бойынша  тестілеу орталығына  оқушылар кіре бастағанда, бірі-біріне  сәттілік тілеп,  кейбіреулері тиын лақтыра бастады. IMG_3617
 -Облысымызда мектеп бітіруші түлектер 3,4,5 маусым күндері Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырады. 3 маусым күні, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың тестілеу орталығында  Ұзынкөл, Меңдіқара, Қарабалық, Қостанай аудандары мектептерінің  түлектері  тестілеу тапсыру үстінде.DSCN0397 Үстіміздегі жылғы мектепті  төрт мыңнан аса  түлек  бітірді. 123 оқушымыз «Алтын белгіге» үміткер. Оқушылар жыл бойғы он рет  сынақ ретінде тест тапсырып, өздерінің білімдерін тексерді. Барлықтарына, сәттілік тілейміз,-деді облыстық білім басқармасының жетекшісі Ә. Төртқараева.DSCN0395
      Іште, кіре берісте   түлектерді  қолдарына металл іздегіш құралдары бар кезекші мамандар қарсы алып, үсті-бастарын бір-бірлеп тексере бастады. Тәртіп бұзушылық байқалмады. Ұялы телефон байланысын басу құралдары да іске   қосылып тұрды.DSCN0396
-Қобалжып тұрғаным рас.  Барлық түлектерге, өзімнің сыныптас достарымен сәттілік тілеймін. Он бір жыл бойы білім берген ұстаздарымыздың үмітін ақтаймыз ғой деп ойлаймын. Бейімдеу пән ретінде  дүиежүзілік тарихты таңдадым, келешекте актер болсам деймі,-деді  Қостанай ауданындағы Н. Наушабаев атындағы мектептің түлегі Нұрдәулет Кежебеков.

 

    Сонымен,  мектеп бітіруші түлектер үшін   үлкен жол, арман алдындағы  сынақ басталды. Барлығына да ақ жол тілейік, емтихандарын жақсы тапсырып, ойлаған баллдарын алып шығады деп ойлаймыз.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суреттерді түсірген  Бағдат Ахметбеков, Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓