Жобаға қатысып, мүмкіндігіңді сына!

Қазан айыннан бастап 10-11 жастағы мектеп оқушылары қабілеттерін анықтау үшін ақысыз тест тапсыра алады. Биыл қазан айында еліміздің барлық өңірлерінде балалардың қабілетін ерте анықтауға бағытталған «Qabilet қызметі»  жобасы басталады. Qabilet қызметі пилоттық режимде бүкіл ел бойынша іске қосылады, бірінші кезеңде жобаға 10-11 жастағы оқушылар қатыса алады. Келесі кезеңдерде жасөспірім балалар қамтылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айман Ибраева айтып берді.
Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.  
Мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру.
Диагностика әдістемесін Елбасы Академиясы серіктестермен бірлесе отырып әзірленген. Қабілеттерді анықтаудың негізгі құралы – тесттер. Тесттерді әзірлеу және бейімдеу үшін психологиялық диагностика саласындағы отандық сарапшылар тартылды. Қабілеттерді диагностикалау әдістемесі қазіргі заманғы ең үздік әлемдік тәжірибені, дарындылық пен құзыреттілікті заманауи түсінуге негізделген «4К» – XXI ғасырдың басты құзыреттілігін (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік) пайдалануды көздейді.
Диагностика мен қабілеттерді анықтау «Қостанай дарыны» өңірлік орталығының базасында және Елбасы Академиясының qabilet.elbasyacademy.kz – Qabilet онлайн платформасында жүзеге асырылады.
   -Қызмет кез келген оқушыға қолжетімді болу үшін тегін ұсынылып, сайтқа кез келген құрылғылармен кіруге болады.Тестілеуден өту үшін qabilet.elbasyacademy.kz  сайтына тіркеліп, жеке кабинетте тестілеуден өтеді.
Осы оқу жылында сайтқа тек 10-11 жастағы балалар тіркеліп, тест тапсыра алады. Сондай-ақ ЖСН білу және өзімен бірге қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет, оған сайтта тіркелгенін растайтын СМС хабарлама келеді.
Қиындықтар туындаған кезде хабарласуға болатын Call орталықтың және  чат-кеңесшінің телефоны сайттың төменгі бұрышында көрсетілген.Call орталықтың нөмірі – 8 800 080 48 48. Сағат 9.00-18.00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жұмыс істейді (күн сайын), Call орталыққа қоңырау шалу тегін, – дейді Айман Ибраева.
Біздің өңірде «Qabilet» қызметін жүзеге асыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Мәселен, «Qabilet» аймақтық орталығы әзірленді және жабдықталды. Костанай облысы бойынша «Қостанай дарыны» орталығының психологтарын оқыту жүргізілді. «Qabilet» өңірлік орталығы компьютер сыныбымен жабдықталған және тестілеуден үйде өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқушылар Дарын орталығына барып офлайн тапсыра алады.
   -«Qabilet» қызметі біздің өңірдегі балалардың қабілеттерін және  дарындарын жүйелі түрде анықтауға, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесетініне сенімдіміз.
Біз аймақтағы барлық білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналарына осы қызықты жобаға назар аударуды және бұл туралы оқушылар мен балалар арасында кеңінен насихаттауға кеңес береміз.
10-11 жас аралығындағы оқушыларды тестілеуден өтуге және қабілеттерін анықтауға шақырамыз. qabilet.elbasyacademy.kz сайтында тіркелуге болады және Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан «Qabilet» орталығына келіп, кеңес алуға болады.  Сонымен қатар 8 (800) 080 48 48 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласып сұрақ қоюға болады, -дейді Айман Ибраева.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓