«Нұрлы жол»: 9,5 мың шақырым жол жөнделеді

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық және аудандық маңызы бар 9,5 мың шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның ішінде республикалық жолдардың 4 мың шақырымында құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі, 1,5 мың шақырымы толық жөнделсе, 4 мың шақырым жергілікті маңыздағы жол ретке келеді. Ал Қостанай облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 515 шақырым тасжол жөндеуден өтеді. 
– Жол саласына қатысты 350 жоба іске асырылып, 30,5 мың адам жұмыспен қамтылады. Бұл мақсатқа 680 млрд теңге қарастырылған. Мәселен, «Нұрлы жол» арқылы көптен бері тұралап қалған «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолын жөндеу жобасы жүріп жатыр. Мердігер ұйымдар Рудный қаласынан Денисов ауылына дейін жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Жолдың жалпы ұзақтығы – 114 шақырым. Бүгінде ұзындығы 70 км болатын 3 учаске пайдалануға берілді, қалғаны 2022 жылы аяқталады. Өңіріміз үшін осы жылдың ең қомақты жобасы екені белгілі. Бұл жөндеу жұмыстары бойыша бес жұмыс учаскесі бөлінді. Әрбіреуінің мердігері әртүрлі екенін ескерген абзал. «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолын жөндеу жобасы тексеру кезінде 126 рет жолға шығып, 255 сынама алдық, оның 50-і  талапқа сәйкес келмейді. 145  ақау анықталды, оның 40-ы өрескел ақау, — дейді «Ұлттық жол активтері сапасының орталығы» облыстық филиалының директоры Абылайхан Алшынбаев. 
Қостанай облысы бойынша Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 588 км.
Осы жылы күрделі жөндеумен 17 км, қайта құрумен 114 км, орташа жөндеумен 34 км қамтылып, 1423 км күтіп ұсталуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓