Атқарылған жұмыс аз емес

Биыл Алтынсарин ауданында қыруар жұмыс атқарылды. Өткен он айдың  айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Самидосов айтып берді.
Аудан негізінен ауылшаруашылығы тауарларын өндіреді. Биылғы он айдың ішінде мұнда 27 млрд.625 миллион теңгенің өнімі шығарылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары көрсеткіш.  Мәселен, жергілікті кәсіпорындар 3370 тонна ет, 13925 тонна сүт өндірген. Мал мен құс саны да едәуір артқаны байқалады. Күні бүгін Алтынсарин ауданында 19 мың 083 қара мал, 13 мың 195 бас қой-ешкі, 6 мың 74 шошқа, жылқы 5 мың 234,  178 мың 806 құс есепте. Шаруалар қыстың қамын да ертерек ойластырып, 41 мың тонна шөп, 32,2 мың тонна сабан дайындап алды.
-Өткен  жылы  «Хамит» ШҚ «Сыбаға»  мемлекеттік бағдарламасы арқылы  Еуропадан 150 симментал тұқымды  сиыр әкеліп, сүт-тауар фермасын ашты. Бүгінде 116 бұзау алынды. Мұнда  желілік сүт құбыры орнатылған. Сүттің сауылуы электрондық формат арқылы есептеледі. 2021-2025 жылдар аралығында  АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша «Олжа Агро»  ЖШС 2023 жылы  1200 қара малға арналған тағы бір сүт-тауарлы фермасын ашуды жоспарлап отыр.  Ал  «Жаңабек» ЖШС асыл тұқымды репродуктор шаруашылығы биылғы тоғыз айда 112 асыл тұқымды бұзау сатты. 2021 жылдың он айында  «асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» бағыты бойынша 58 млн.370 мың теңге сомасына 43 өтінім субсидияланды,-дейді Е.Самидосов.
«Олжа Беляевка»  ЖШС, «Жаңабек» ЖШС, «Темте» ЖШС, «Қостанай Трейд» ЖШС, «SVM-18» ЖШС,  «Қарағай-су» ЖШС, «Обаған-су» ЖШС,  «Одак» ЖШС, «МVS» ЖШС, «Көмек-Алтын» МКК, «Зуевка» ЖШС, «Кохана» ЖШС тәрізді он екі шаруашылықта  нан-тоқаш өнімдерін, ет, минералды және ауыз су, сондай-ақ корпустық жиһаз жасайтын шағын кәсіпорындар іске қосылған. Бұларда қараша айындағы мәліметке қарағанда, барлығы  2 млрд.42 млн. 752 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Бұл облыстағы өндіріс көлемінің 0,2% -іне тең.  
Ауданда барлығы 605 кәсіпкерлік субьектісі тіркелсе, бүгінгі таңда соның 521-і жұмыс істеп тұр.  Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде   жыл басынан бері үш жоба жүзеге асқан. Мәселен, «Баймағамбетов С» ЖК,  «Бермуканов А» және «Губарь А» ЖК  қажетті ақшалай қаражат алды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Еран Самидосовтың айтуынша, биыл өңірде 1634 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл  жоспардың өткен жылдың есепті  кезеңімен салыстырғанда  105,5%-ке орындалғанын көрсетеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 362 млн. теңге  немесе 19,3%. Ауданда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асқан өзге жобалардың да аяқ алысы жаман емес. 
Жалпы, Алтынсарин  ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар аз емес.  Алдағы уақытта оның көлемін арттыра түсеміз дейді аудан басшылары.  
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓