Қиыршық тас қиыр аспақ
Таран ауданына қарасты Валерьянов ауылындағы былтыр іске қосылған «Первомай қиыршық тас зауыты» ЖШС-нің қуаттылығы арта түскен. Жылына 1 млн. дайын өнім бере алады. Өнімдеріне сұраныс облыстағы барлық кәсіпорындар тарапынан түседі. Сондай-ақ, ресейлік компаниялардан тапсырыс түсе бастады. Зауыт басшылығы Кеден одағындағы елдермен қызметтестік орнатуға ықтиярлы. Былтырдың өзінде компания салық төлеу арқылы облыс бюджетін 6,4 млн. теңгеге толықтырды. 38 адамды жұмыспен қамтып отыр.