Қамкөңілге қамқор

Биағаң атындағы ауданда қайырымдылық жасау үрдісі үзілген емес. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елдің жомарт азаматы Александр Цой ерекше қажеттіліктері бар балаларға сыйлықтар табыс етті. Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде өткен бұл кездесу "Бір ел! Бір халық! Бір тағдыр!" деп аталады.
Қайырымдылық акциясы барысында 25 балаға жалпы сомасы 1 миллион теңгеге көмек көрсетілді. Осы сомаға үш велотренажер, тіреп жүруге арналған арбалар, кітаптар және дамытуға арналған ойындар сатып алынды. Бұл ел арасында Атымтай-жомарттықты өркендеуіне қосылған зор үлес әрі ауданымыздың өскелең ұрпағына айтарлықтай қолдау. "Цой А.П." шаруа қожалығы көрсеткен өнеге басқа қайырымдылық жасаушылар үшін де үлгі, – дейді Бейімбет Майлин ауданы әкімінің орынбасары Назгүл Манасова.
Өтіп бара жатқан жыл қайырымдылыққа толы болды десек, артық айтқандық емес. Қазан айында "Цой А. П." шаруа қожалығының жетекшісі А.Цой, Новоильинов ауылдық округінің әкімі М.Таймасов және "Бейімбет Майлин ауданының мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы П.Абрамов арасында үшжақты меморандум жасалған болатын.
Бейімбет Майлин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓