Зейнетақыға қол салған
Қостанай облысында Қазпошта қызметкері зейнетақы жымқырған. Бұл қылмысты Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.
Агенттіктің Қостанай облысындағы аумақтық департаменті «Қазпочта» АҚ облыстық филиалының Октябрьский к. (Лисаков қ.) пошта байланысы бөлімшесінің басшысы Г.Метлицкаяның 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта зейнеткер Н.Семенованың зейнетақысын қалтаға басып келгенін әшкереледі.
Айыпталушының «Қазпошта» АҚ ҚОФ клиенттерінің, соның ішінде Н.Семенованың мәліметтері бар «WorkFov» бағдарламалық жасақтамасына толық қолжетімділігі болған
Осылайша, өзінің қызметтік жағдайын пайдалан отырып, ол бірнеше рет ақша алуға құқық беретін кассалық ордерлер жасап, «Ақша алушының» орнына зейнеткердің қолтаңбасын жалған қойып келген.
Н.Семенованың зейнетақы шотынан барлығы 440 мың теңге ұрланды.
Г. Метлицкая тауар-материалдық жауапкершілікке байланысты мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырыла отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.