Ынтымақ пен келісім – руханиятта

Мәжілісте Украин мемлекетінің Қостанай мен Ақтөбе қалаларындағы құрметті консулы, белгілі баспагер, публицист Анатолий Тарасенко, Юрий Бондаренко, Әбдірахман Досов, Николай Федорович, Қостанай мемлекеттік педагогикалық колледжінің студенті Гүлжанар Нұғанова, жас ақын Анастасия Калашеевалар сөз сөйлеп, өлеңдерін оқыды.
Болашақ ұрпақты рухани құндылыққа тәрбиелеу мәселесі де кеңесте қамтыла түсті. Кітап пен газет оқуға қызықтыру туралы ой да айтылды. Өңіріміздің ақын-жазушыларының кітабын шығару керектігі де қамтылды.
Бұл мәселеге облыстық ас-самблея да атсалысып жатқан көрінеді. Ұлтаралық және рухани келісім болмай еш мемлекеттің ісі алға баспайтыны, ішкі ынтымақтықтың жарасымдылығы өзекті тақырыпқа айналды бұл алқалы кеңесте.
Ұйымдастырушы Жанділдә Мақанов жиналған барлық зиялы қауымды сол мақсатта жұдырықтай жұмыла жұмыс істеу керектігіне шақырды.
Нұрболат
МЕШІТБАЕВ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.