Модульдік полиция бекеті ашылды

Тобыл қаласында модульдік полиция бекеті ашылды. Ол "Жанару" саябағында орналасқан.Ашылу рәсімінде Қостанай облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Дүйсембеков " Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті мемлекеттік басқару органдарын тарта отырып, полицияның сервистік моделін енгізуді тапсырғанын, сервистік модельге көшудің қағидаттарының бірі "полиция қызметінің әр қадам сайын қолжетімділігі" екенін атап өтті.
"Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі республикалық Жол картасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының аумағында 13 учаскелік және 5 модульдік полиция бекетін салу және ашу жоспарланған. Биыл Қарасу және Меңдіқара аудандарында екі учаскелік полиция пункті ашылған еді.– Тобыл қаласындағы модульдік полиция бекетін салуға аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Қолжетімділік, жеделдік және мобильділік көмек көрсетудің кез келген мәселелері бойынша халықпен өзара іс – қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Қасқабаев.
Полиция өкілдері басқа облыстардағы заманауи модульдік бекеттер өз тиімділігін дәлелдегенін атап өтті: олар орнатылған аудандарда құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай төмендедген.– Бұл – жылжымалы бекет. Криминогендік жағдайға байланысты коммуналдық жүйелер өшіріліп, басқа жерлерге көшірілуі мүмкін. Барлық қажетті заттармен жабдықталған: жиһаз және компьютерлік техника бар. Бекетте тәулік бойы учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқарады. Азаматтар кез келген сұрақтарымен жүгіне алады, сол бойынша жедел әрекет ету шаралары қабылданатын болады, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Құрмет Мажикенов.
Тобыл қаласының учаскелік полиция капитаны Александр Головков бұл жерде азаматтарды қабылдау шаралары өтетінін де атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓