Кәріз қақпағын ұрлаған рудныйлық ұсталды

Рудныйлық полицейлер көлігінің жүк салғышына ұрланған кәріз люгін салып алған жүргізушіні ұстады.Рудный қаласының патрульдік полициясының қызметкерлері "102"-ге түскен өтінім бойынша әрекет етті. Корчагин көшесінде белгісіз адамдардың кәріз люгін ұрлап кеткенін қала тұрғыны хабарлаған.

"Автопатруль құрамындағы аға лейтенант Миржан Нұрмаханов пен полиция лейтенанты Нұрбек Ерден жергілікті жерді зерттеу кезінде 28 жасар жүргізушінің басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Жүксалғышты тексеру кезінде ұрланған люк табылды",- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр. Соның аясында қылмыс жасаудың барлық мән-жайлары анықталуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓