МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ

Елімізде қолға алынған көптеген жобалар әлеуметтік осал топтарға бағытталған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау күн тәртібінен түспеген мәселе. Нысандарды мүгедектердің кіріп-шығуына бейімдеу жұмыстары тек пандус салумен шектелмеуі тиіс. «Нұр Отан» партиясының өкілдері облыс орталығында арнайы рейд жүргізіп, бірқатар мекемелерге осындай ескерту жасады. Бүгінде кедергісіз орта қалыптастыру бағытында әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары тыңғылықты жүргізілуде.
Кембағал кісілер  қашанда қоғам назарынан тыс қалған емес. Бүгінгі таңда  облыс   тұрғындарының 3 пайызын осы топ өкілдері құрайды. Бұл, 27 мыңға жуық адам. Олардың 85 пайызы ересектер. 594-і ғана еңбекке қабілетті. «Нұр Отан» партиясының өкілдері облыс орталығында арнайы рейд жүргізіп, қазан айында 9 мекемеге бас сұққан. Кейбір әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелерде пандустар талапқа сай орнатылмағаны белгілі болды. Бүгінде облыстағы нысандардың 95%-ы яғни, 376 ғимарат болса, оның 221-і мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді. Оңірде 28 мың мүмкіндігі шектеулі жан  болса, соның 9 пайызы 1 ші топтағы мүгедектер, 44 –і 2- ші топтағы, қалғанын 3-ші топтағы мүгедектер құрайды. Қамкөңіл жандар арасында жеке ісін ашып, өз бетінше нәпақа тауып жатқандары да жетерлік.Тағдыр тауқыметін тартқан мүгедек жандардың мүддесін қорғау үшін мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде. Ерекше назарға  іліккен аталмыш топ өкілдері қазіргі күні ел қатарлы еңбек етіп, жұрт қатарлы жалақы алып жүр. Бірақ, әлі де ширата түсетін шаруалар баршылық. Оның бәрі нұротандықтардың жіті бақылауында болмақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓